Нұрлан Ермекбаев пен Кәрім Мәсімов генерал-майор атағын алды

369

0

Нұрлан Ермекбаев пен Кәрім Мәсімов генерал-майор атағын алды Ақорда ҚР Президентінің Жоғарғы әскери және арнаулы атақтар беру туралы Жарлығын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жоғарғы әскери және арнаулы атақтар беру туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: генерал-майор әскери атағы Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа;

Ұлттық қауіпсіздік генерал-майор арнаулы атағы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке берілсін.

Қазақстан Республикасының Президенті  Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2019 жылғы 18 наурыз №877