Ақтөбеде есту қабілеті төмен спортшылар арасында өткен ҚР II спартакиадасында жерлесіміз, қармақшылық Нұрсұлтан Көлдеев жеңіл атлетикадан сынға түсіп, 3 медальді жеңіп алды.Ол диск және найза лақтырудан алтын медальдарды иеленсе, ядро итеруден қола жүлдені еншіледі. Нұрсұлтанды жеңісімен жəне жаттықтырушысы Мұрат Кетебаевты құттықтаймыз!!!
Облыстық дене шынықтыру және
спорт басқармасының баспасөз қызметі





