
Қаралы хабармен Instagram әлеуметтік желісінде продюсер Ерғали Әбдірайымов бөліскен. Әбдірайымов жазбасында Ердос Қанаевқа көңіл айтқан.
«Айналайын Ердос бауырым!!! Абдурахим «періште» ұлыңды, Жаратқан Ием өз мейріміне алсын. Қайғыларыңа ортақтасып көңіл айтамын, – деп жазған ол.
Сондай-ақ Әбдірайымовтың жазуынша, жаназа ертең, сағат 14:00-де, Тұздыбастау ауылында шығарылмақ.
Қаралы хабарды оқыған желідегілер де Ердос пен оның отбасына қайғыра көңіл айтты.