Нұрлыхан Шархан екінші белдесуінде ұтылып қалды

5

0

Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдодан ерлер арасында Нұрлыхан Шархан екінші белдесуінде қарсыласына жол берді.

Ол 1/8 финалда өзбекстандық Мұзафарбек Туробоевпен белдескен болатын. Аса тартысты өткен белдесуде отандасымыз қарсыласына жол беріп қойды.

Естеріңізге сала кетейік, жалпы Париж Олимпиадасына ерлерден 5, әйелдерден 3 дзюдошы келген.

Оның біреуі алтын, екіншісі қола медаль жеңіп алды.

Нақтырақ айтсақ, Данияр Шамшаев (73 кг) бірінші айналымда өзбек дзюдошысы Муроджон Юлдошевке есе жіберсе, Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мажарстандық Аттила Унгвариден айласын асыра алмаған еді.

Ал Олимпиаданың алғашқы күнінде Елдос Сметов (60 кг) чемпион атанып, ел қоржынына алғашқы алтынды сыйлады.

Екінші күні тағы бір отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

Сонымен қатар әйелдер арасында Әбиба Әбужақынова (48 кг) қола жүлдеге таласта ұтылып, Олимпиаданы 5-орынмен аяқтады. Эсмигүл Куюлова (63 кг) бірінші белдесуде сүрінді.

Енді Қазақстан құрамасынан әйелдер арасында Камила Берліқаш (78 кг) 3 тамыз күні татамиге шығады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<