Нұрымбет Сақтағанов: «Биыл аймақта 30 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды»

788

0

Жыл басынан бері облыста 30 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Оның 13 мыңнан астамы тұрақты.

Осыған сәйкес, Мемлекет басшысының әрбір 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасы 205 пайызға орындалды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов хабарлады.

– Биыл өңірде 28 030 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы – 13 606 бірлікті құрайды. «Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы» бағдарламасы шеңберінде 136 жоба бойынша 1537 жұмыс орнын ашу көзделуде. Оның 912 уақытша жұмыс орны болса, қалған 625-і тұрақты. Сонымен қатар көп балалы және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 916 нәзік жандының 64,5 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, аз қамтылған 15 мыңнан астам отбасына әлеуметтік көмектер төленді, – деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<