Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды

364

0

Фото: gov.kz

Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», – деп жазылған Ақорда жариялаған Президент Жарлығында.

Нұржан Нұржігітов 1967 жылы туған, білімі жоғары.

1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын «Инженер-механик», 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.

Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозында механик болып бастаған.

Әр жылдары Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері, Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Байзақ ауданы әкімі қызметін атқарды.

2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы сәуірге дейін – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 2022 жылғы 7 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысының әкімі болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<