Нью-Йорктің Тайм-скверінде өтетін жаңажылдық кешті 1 млн адам тамашалайды

241

0

Нью-Йорктің Тайм-скверінде өтетін жаңажылдық кештің соңғы дайындықтары пысықталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ұйымдастырушылар кештің басты символы – алып шарды тексеруден өткізді. Ғимараттың ұшар басындағы мерекелік шарды түнгі сағат 12-де төмен түсіру Нью-Йорктің жаңажылдық дәстүріне айналған. Алыстан мен мұндалап шақыратын алып шар 32 мың лэд жарық лампасымен жұмыс істейді. Оған қоса, екі мыңнан астам кристалмен көмкерілген. Нью-Йорктің басты алаңындағы жаңа жыл алты сағат бойы тойланады. Ал кеш барысында Кристина Агилера, Сиара, Холзи сынды әйгілі әртістер өнер көрсетеді. Ал жаңа жылға санаулы сәттер қалғанда, ғимараттың үстіндегі 40 метер биіктіктен алып шар түсіріледі. Дәстүрлі жаңажылдық кешті мерекелік алаңда миллионға жуық адам, ал теледидар арқылы тікелей эфирден 190 миллион көрермен тамашалайтын болады.  

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<