Арал ауданы көлемінде жастарды ауқымды іс – шараларға тарту, көркем шығармашылыққа баулу, спорттық іс – шараларға қатыстыру мақсатында Сексеуіл кентінде дара кәсіпкер Бажирова Зибагүлдің қолдауымен Арал аудандық пробация қызметінің қызметкерлері және Арал жастар ресустық орталығының қызметкерлерімен бірігіп Сексеуіл кентінің №231 қазақ орта мектебінің спорт залында Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 29 жыл толуына орай үстел теннисінен ерлер арасында кент жастары арасында турнир өтті.
Жарысқа ауыл жастары және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қатысты. Нәтижесінде Арал аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азамат Дәулет Шымкентов бір –бірден екі жүлдеге, яғни 14-25 жас аралығындағы және 25-тен асқан 2 санатта І орын алды.
Осы атқарылып жатқан іс – шаралардың барлығы есепте тұрған азаматтардың кішкентай болса да қоғамға араласып, олардың тарапынан қандай да бір құқық бұзушылықтарға жол бермей, өмірінің қалған жарқын болашағын ластамау өз қолдарында екендігіне көз жеткізу болып табылады. Бұл да болса қоғамға өздерінің қажеттілігін білуіне жасалған игі шара болды.
Қ.Есжанов
Арал аудандық пробация қызметінің аға инспекторы,
әділет аға лейтенанты
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<