Қоғамдық қабылдау қызметі

298

0

Қоғамдық қабылдау қызметі «Азаматтық бақылау» жобасы аясында ұйымдастырылған кезекті қоғамдық қабылдауда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандары кеңес және бағыт-бағдар сұрай келген жеке тұлғалы азаматтарды қабылдады. 

Тұрғындар тарапынан жәрдемақы алу тәртібі, зейнетақының дұрыс тағайындалуы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мәселелері бойынша сауалдар қойылды, түсіндірмелер берілді.  Азаматтар да өз тарапынан халықтың мұң-мұқтажын дер кезінде анықтап, уақытылы шешім қабылдауда осындай сала мамандарымен кездесулердің маңыздылығын атап, алғыстарын айтты.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<