Қоғамдық бақылау картасы әзірленді

314

0

«Қоғамдық бақылау картасы» жобасының мәні мен тұжырымдамасы қарапайым әрі түсінікті. Жобаның басты мақсаты жол құрылысы, әлеуметтік объектілердің құрылысы, көгалдандыру және өзге салаларда қоғамдық бақылауды орнату болып табылады. Елбасының берген тапсырмаларына сәйкес 2018 жылдан бастап ауылдық елді мекендердің өздерінің дербес бюджеттері құрылып жұмыс жасауда. Облыста осы бағытта 65 ауылдық елді мекендердің өз бюджеттері құрылды. Сондықтан осы мәселеде Қоғамдық бақылау картасы жобасының маңызы зор және өзектілігі жоғары болып отыр. Ал, осы қоғамдық бақылау картасы жобасының басты мақсаттарының бірі бұл осы ауылдық елді мекендерде құрылған бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуы.
Жоба жөнінде қысқаша таныстырып өтетін болсақ, жобаның ерекшілігі мынада, яғни жоба аясында бақылау үш түрлі тәсілдер арқылы жүргізілетін болады:
Біріншіден, қоғамдық бақылау картасын қалыптастырудың қарапайым және күрделі емес тәсілдерінің бірі әлеуметтік желілер мен телефон байланысын пайдалану болып табылады.
Осыған сәйкес қоғамдық бақылау картасы ол жалпыға белгілі әлеуметтік желілер мен біздің байланыс орталығы, яғни кол центр негізінде құрылып отыр. Бұл үшін Департаменттің «What’s app» және «Telegram» мессенджерлері мен «В Контакте», «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілерде аккаунттары, сонымен қатар департаменттің колл-орталығы 70-25-20 құрылды.
Сонымен қатар, азаматтар фотосуреттерді емес, сонымен бірге бейнематериалдарды да жібере алады.
Екінші жолы – қоғамдық бақылау картасын ол азаматтарға арналған «Qamqor» қосымшасы арқылы жүргізу көзделуде
Үшінші жолы аудандарда құрылған арнайы мониторингтік топтар арқылы жүргізілетін болады.
2018 жылдың 22 ақпанында жемқорлық жағдайын зерттейтін Транспаренси Интернейшнал халықаралық ұйымының 2017 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі бойынша ресми қорытындысы жарияланды. Оған сәйкес Қазақстан 31 ұпай жинап, әлемнің 180 елдер арасында 122 орынға көтерілді. Бұған дейін 131 орында болатын. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда көрсеткішті 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартты деген сөз.
Рейтингке алғаш қатысқан сәттен, яғни 1999 жылдан бастап 31 ұпайға қол жеткізу еліміз үшін ең жоғары көрсеткіш болып табылады және барынша дамыған, жемқорлығы төмен мемлекеттер қатарына кіруге мүмкіндік беріп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<