«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы ғимаратының мәжіліс залында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді.
Кеңес отырысын Қоғамдық кеңестің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев алғы сөзбен ашты. Одан соң Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Руслан Малдыбаев «Қызметтегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада: «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ іс-шаралар өткізу жалғасын табуда. ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ–нің және оған бағынысты мекемелердің жеке құрамына тұрақты түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша заңдылықтарды оқыту, азаматтық қорғау органдары ардагерлері, прокуратура, салық органы, Мемлекеттік қызмет істері бойынша департаменті, «Нұр Отан» партиясының, кәсіпкерлер және қоғамдық институт өкілдерінің қатыстырылуымен «дөңгелек үстелдер» ұдайы ұйымдастырылуда», – деді.
Сонымен бірге «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің Кадр жұмысы тобының бас инспекторы Сара Жақановаға сөз кезегі беріліп, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде жұмыстарға тоқталды.
Мұнан соң Қызылорда кәсіпкерлік ассоциациясының атқарушы директоры Мырзағали Ермаханов баяндамашыларға сұрақтар қойып, алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында жұмысты жалғастыру туралы өз пікірін білдірді. Қоғамдық кеңес отырысына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де шақырылды.
Айгүл Нұрманова
Қызылорда облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<