Облыс әкімі тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады

616

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдап, оларды толғандырған мәселелерді, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бүгінгі жеке қабылдауға 11 адам келді және 1 азамат өтінішін Zoom қосымшасы арқылы онлайн форматта жеткізді.

Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу және жұмысқа орналасу мәселелерін көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың мәселелері жіті зерттелетінін, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.

Атап айтқанда, 68 жастағы қала тұрғыны «Саяхат» ықшам ауданының 7 көшесіне табиғи газ тарту мәселесін көтерді. Зейнеткерге газдандыру бойынша жоба әзірленгені, алдағы уақытта жұмыстар қолға алынатыны түсіндірілді.

Ал 59 жастағы қала тұрғыны аймақ басшысына «Ягодка» саяжайына жол жүргізілгені үшін алғысын білдірді. Саяжайға қатынайтын қоғамдық көлік мәселесін шешуге қолдау сұрады. Қазір бұл жаққа № 18 маршрут бекітілгенімен, үлкен сыйымдылықтағы автобустар жолға сыймайды. Сондықтан осы бағытқа микроавтобус жіберу тиімді екенін айтты. Өтініш зерттеліп, нәтижесі қосымша хабарланады.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<