Облыс әкімінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Қазалы ауданына келді

591

0

Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов жұмыс сапарымен ауданға арнайы келіп, бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

Қасиетті өлкенің тыныс-тіршілігімен танысуға келген Серік Салауатұлы ең әуелі жеке кәсіпкер З.Жалмағанбетованың көмір қоймасына барып, алдағы жылу беру маусымына дайындығын көрді.

Мұнан соң Әйтеке би кентіндегі салынып жатқан 250 орындық мектепке аялдап, құрылысқа жауапты мамандарға жұмыс қарқынын күшейтіп, нысанның құрылысын тез арада аяқтауды тапсырды.

Серік Салауатұлы аудандық маңыздағы Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы арасындағы төрт жолақты жолға да ат басын бұрды. Мұнда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жол құрылысын күнделікті бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.

Бұдан кейін Әйтеке би кентіндегі 600 орындық мәдениет үйіне табан тигізген облыс әкімінің бірінші орынбасары ғимаратты тез арада іске қосу қажет екенін және нысанның аудан халқы үшін маңызды екенін тілге тиек етті.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<