Облыс әкімінің орынбасары Аралдағы құрылыс нысандарын аралады

17

0

Фото: облыс әкімдігі

Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жахановтың жұмыс сапары Арал ауданында жалғасып, аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевпен бірге құрылыс нысандарын аралады.

Алдымен «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырына қосылатын «Арал-Тоқабай-Абай» тармағындағы ауылдарда атқарылған жұмыстарды көрді. Жоба құны 8,2 млрд теңге, бас мердігер «Сапа құрылыс – 2007» ЖШС жұмысты 2021 жылы бастаған.

Облыс әкімінің орынбасары Аралдағы құрылыс нысандарын аралады

Сапар кезінде Б.Жаханов әлеуметтік осал топқа арналған тұрғын үй құрылысын да бақылады. Ауданда 30 тұрғын үй салынуда. Бюджеттің 2,2 млрд теңге қаржысына салынған баспаналарға тұрғындар жыл басында қоныстанған болатын.

Биыл да бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, 60 пәтер сатып алуға 900 млн теңге қаралған. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу, жылу жүйесін орнату аяқталуға жақын. Сыртқы қоршау мен абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Мергенсай ауылындағы 150 орындық жаңа мектептің құрылыс алаңына барды. Ғимараттың сырты қапталып, ішкі әрлеу және инженерлік желі тарту жұмысы бітуге таяған. Жылу жүйелері мен электр желілері толық жүргізілген. Еденін төсеу, ішкі есіктерін орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Жаңа мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі