Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың Жалағаш ауданына жұмыс сапары басталды.
Өңір басшысы елді мекендердің жағдайымен, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысады деп жоспарлануда. Сондай-ақ облыс әкімінің төрағалығымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәжіліс өтеді.
Алдымен Еңбек ауылдық округінде болған аймақ басшысы аққошқарлықтармен жүздесіп, ауылда соңғы жылдары жүзеге асып жатқан жұмыстармен танысты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<