Облыс әкімдері мен министрлердің ресми өкілдеріне қалай хабарласуға болады

292

0

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі сайтында орталық мемлекеттік органдардың ресми өкілдерінің байланыс номерлері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Абаев министрлікке орталық мемлекеттік органдардағы өкілдердің байланыс нөмірлерін беру туралы жиі өтінім түсетінін айтуда.

«Бұқаралық Ақпарат Құралдары туралы» Заңдағы түзетулерге сәйкес барлық мемлекеттік органдарда журналистермен өзара қарым-қатынас орнататын ресми өкілетті тұлғалардың мәртебесі белгіленді. Бұл қызмет қысқартуға жатпайды, тікелей бірінші жетекшіге ғана бағынады. Біздің министрлікке орталық мемлекеттік органдардағы өкілдердің байланыс нөмірлерін беруімізді өтініп жиі хабарласады. Төмендегі сілтемеден олардың байланыстырын ала аласыздар», – деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасына.

Министрлік сайтында барлық орталық меморгандармен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ресми өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<