Көші-қон қызметі құрылымдарымен 17 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Жуырда облыстық ішкі істер департаментімен «Бір терезе» қағидатын сақтай отырып, мемлекеттік қызмет алушыларға қолжетімді «Көші-қон қызметтер орталығының» ашылуы жоспарлануда.
Осы уақытқа дейін қағаз түрінде көрсетілген 3 мемлекеттік қызмет «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу», «Еңбекші көшіп келушілеріне рұқсаттар беру және ұзарту», «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат беру» жол қартаның негізінде қараша айынан бастап электронды түрге көшіріледі.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі





