Облыста алғаш рет «Дарынды балалар» ұйымы құрылды

651

0

Фото: Қызылорда Сыр дарыны

Кеше облыстық білім басқармасының басшысы А.Есжановтың қатысуымен Қызылорда облыстық білім басқармасының «Дарын» қосымша білім беру орталығы жанындағы дарынды балалар ұйымының «Дарынды шәкірт – Ұлт болмысы» атты №1 форумы – 2023 өткізілді.

Форумның арнайы қонақтары «Болашақ» университетінің құрылтайшысы, Құрмет орденінің иегері, ҚР Жоғары мектебі Ғылым академиясының академигі, жастар жанашыры – Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы, Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығы КММ директоры, Ғ.Мұратбаев Республикалық жастар сыйлығының иегері, «Халық» алғысы» медалінің иегері – Тілес Талғат Оспанұлы.

Ұйымның мақсаты:

Дарынды оқушыларға білім беру сапасын арттыру; олардың ғылыми және ақпараттық кеңістіктегі ізденісіне қолдау білдіру; ұжымдық іс-әрекетке жағдай жасай отырып, оқушылардың білім жолындағы бірлігін нығайту; дарынды балалардың білім мен ғылым жолындағы мүмкіндігін кеңейтумен қатар, белсенді азаматтық көзқарастарын қалыптастыру;Ұйымның басқару құрылымы бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатып, арнайы мәліметтік-ақпараттық алмасу жүйесін құруы қажет және бекітілген отырыстарды ұйымдастыруы шарт.

Форумда халықаралық, республикалық пәндік олимпиада, ғылыми зерттеулер мен кәсіби байқау жүлдегерлерінен «Дарынды балалар» ұйымы құрылып, төраға сайланды,ұйым мүшелерінің барлығына арнайы төсбелгі, куәлік табысталды.. Форумда жыл үздіктері атанған оқушыларға басқарма басшысының алғысымен марапатталды.Форум жыл қорытындысы бойынша жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<