Облыстық имамдардың білімін жетілдіру семинары басталды

364

0

Облыстық имамдардың білімін жетілдіру семинары басталды ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек қажы Ұласқанұлының тапсырмасымен, өкілдіктің ұйымдастыруымен,  «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде облыстық имамдардың білімін жетілдіру бойынша үш күндік семинар басталды.
«Алла Тағала «Зумәр» сүресінің 9-шы аятында: «Білгендер мен білмегендер тең бола ала ма?» — деп, білімділердің дәрежесі жоғары екенін көрсеткен. мұсылмандарға білім алу парыз. Ал, дін қызметкерлерінің білімін тұрақты түрде жетілдіріп, біліктілігін арттыру жоспарсыз жүзеге асырылуы тиіс маңызды мәселе. Сондықтан да, аталмыш семинарда өзекті мәселелерді ескереотырып, білікті мамандардың көмегімен түрлі сала бойынша сапалы білім  беру басты мақсатымыз», – деді бас имам Болатбек Ұласқанұлы.
Жан-жақты қамтылған семинар жоспарына сәйкес, облыстағы білікті мамандар: Б.Убаев, Д.Құрманбаев, Ә.Ақбаев, Б.Сүлейменов, М.Абжалелов, Қ.Отызбаев, П.Шарапатова және облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлерінің қатысуымен:
Ханафи мазхабының намаз тарауындағы дәлелдері
Дағуат мәселелері
Муташабих аяттар мен хадистерді түсіну тәсілдері
Жаназа және жерлеу рәсімдері
Құран сабағы
БАҚ пен әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану. Мақала жазу әдісі
«Тағам өнеркәсібіндегі қауіпсіздік пен сапаны қамтамасыз етуде Халал стандартының рөлі»
Дін мен дәстүр
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң
«Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі»
бағыттары бойынша өткізілетін сабақтар басталып кетті.
Семинар соныңда, қатысушыларға өкіл имам атынан тағайындалған сертификат табысталатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<