Облыстық спартакиададан жүлдемен оралды

228

0

Облыстық білім басқармасы «Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының» ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі спартакиадасында Қармақшы ауданындағы №275 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жаттықтырған Ақжарбай Жарықбаевтың оқушылары осы жарыста да женімпаз атанып 1 орын иеленді.
№273 мектеп оқушысы Ерболат Еримбетов үздік ойыншы, №275 мектеп оқушысы Рустам Мақатаев үздік қақпашы номинацияларын иеленді.
Сонымен қатар А.Жарықбаев шәкірттері футбол жарысында ұлдар арасында бұған дейін 2016 жылы 2 орын, 2017 жылы 1 орын иеленген болатын.
Облыстық спартакиадада қыздар арасында футболдан №79 негізгі мектебінің оқушылары үздік ойын өрнегін көрсетіп, 9 сынып оқушысы Балайым Өтебай «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<