Арал ауданында 10 сәуірде басталған 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан «Былғары доп» республикалық лигасының облыстық іріктеу жарысы мәресіне жетті.
«Жанар и К» толық серіктестігінің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты болған Алмат Аманұлы Балшамбаевты еске алуға арналған турнир қорытындысы бойынша Арал ауданының командасы жеңімпаз атанып, Астана қаласында үстіміздегі жылдың 16-24 мамыры аралығында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды. Ал, II-орын Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицейінің командасына бұйырса, III-орынды Сырдария ауданы, №210 орта мектебінің командасы иеленді.
Сонымен қатар, турнир барысында үздік ойын көрсеткен қатысушылар бірқатар номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік шабуылшы» – Сұлтанбек Дияс, Жалағаш ауданы, «Үздік қақпашы» – Айтбаев Дулат, Сырдария ауданы, «Мерген шабуылшы» – Қайратбек Дияс, Қазалы ауданы, «Үздік қорғаушы» – Айдарбай Асылхан, Қазалы ауданы, «Үздік жартылай қорғаушы» – Алданов Бекарыс, Арал ауданы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<