Облыстың қоғамдық-саяси тұрақтылығы басты назарда

416

0

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Облыстық қоғамдық даму басқармасы аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы, мемлекеттік тілдің қолданылуы, жастар саясаты, мемлекеттік ақпараттық саясатпен қатар, ҮЕҰ арқылы мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру саласындағы қызметтерді жүзеге асырады.

Жыл басынан бері басқармаға қарасты салаларда ауқымды жобалар қолға алынып, оң көрсеткіштер қалыптасты. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов 10 айда атқарылған жұмыстар туралы БАҚ өкілдеріне баяндады.

– Аймақта қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығын сақтау және ахуалға кері әсер ететін мәселелердің алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы жылдың есепті мерзімінде облыста қоғамдық саяси ахуал тұрақтылығы сақталды. Бүгінде облыстың медиа кеңістігінде 148 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істеуде. Оның ішінде, 120 баспа БАҚ, 26 интернет-сайттар мен ақпараттық агенттіктер, 2 телеарна бар. Бүгінде басқарма билік пен халық арасындағы тығыз диалог орнату бойынша тиісті деңгейдегі жұмыстар қолға алынған, – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

Ақпарат таратуда облыс көлемінде біршама іс-шара атқарылды. Мәселен, облыс бойынша 130 215 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл бастағы меженің 92%-ын құрайды. Аймақ басшысының қатысуымен де түрлі интернет-конференциялар өткізілді. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, жастарды жұмыссыздар қатарында болмауына бағытталған жұмыстар да ұйымдастырылуда.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<