Облыстық ата-аналар форумы

1067

0

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың, отбасы құндылықтарының рөлін насихаттау мақсатында кеше Арал ауданында «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты облыстық ата-аналар форумы болып өтті.

Жиынға ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңесінің төрағалары, мектеп директорлары, ардагерлер, психологтар мен БАҚ өкілдері қатысты. Форумға қатысушылар алдымен «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» тақырыбындағы қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады.

Аталмыш шараға «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ж.Исмағұлова қатысып, белгілі ғалым, жазушы, абайтанушы Омар Жәлел семинар-кеңес өткізіп, психолог-тренер Н. Аймаханова ата-аналармен сұхбат құрды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<