Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтті

7

0

Фото: Қызылорда облыстық мәслихаты

Бүгін облыстық мәслихат депутаты, Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен тұрақты комиссияның отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары мен сала мамандары қатысты.

Күн тәртібінде «Облыстық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу туралы; облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту; облыстың жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу; облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарылған жұмыстары жөніндегі есебі туралы 4 мәселе қаралды.

Аталған мәселелер бойынша тиісті басқарма басшылары хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, нақты ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

Өз кезегінде сала басшылары көтерілген мәселелер бойынша толыққанды жауаптар сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында ұсынылатынын жеткізді.

Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау жөнінде қаулы қабылданды.

Қызылорда облыстық мәслихаты