Бүгін облыстық тарихи-өлкетану мұражайында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубының ұйымдастыруымен алғашқы рет облыстағы жас журналистер арасында байқау өтті, деп хабарлады syrboyi.kz.
Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директорының м.а Фархат Әбдібағдатұлы байқаудың мақсатына тоқталып, бірлікті, ұлтаралық достықты, көпмәдениетті мемлекеттің құндылықтарын қоғам арасында кеңінен насихаттауда БАҚ өкілдерінің рөлі ерекше екендігіне тоқталды.
Байқау жеңімпазы, «Ақмешіт апталығы» газеті бас редакторының орынбасары Дәулет Қырдан байқау барысында өңірімізге еңбегі сіңген, қазақ тілін насихаттауға үлес қосып жүрген ерекше кейіпкерлермен танысып, олар туралы қалам тербегендігін атап өтті.
Байқау нәтижесінде «Үздік танымдық мақала» номинациясымен қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті бас редакторының орынбасары Қырдан Дәулет Қырдан, «Үздік журналист-сарапшы» номинациясымен облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Мейрамкүл Дауылбайқызы, «Үздік фоторепортаж» номинациясымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Журналистика факультетінің студенті Венера Нұрғали марапатталды.
Айта кетейік, байқауға Ассамблея қызметін баяндайтын мазмұнды деген 54 материал, 20 өтінім келіп түсті. Соның ішінде 3 байқауға қатысушының еңбегі үздік деп танылып, жеңімпаздар жүлделі орындарға ие болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<