\»Қобыз үні\» көрмесі өтеді

350

0

14.03.2018 жылы жергілікті уақытпен сағ,9:30-да «Қолөнер» ұлттық нақыш орталығы мен  «Тағылым» балаларды шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Айнұр Шорабекқызының қолдауымен «Ұлыстың ұлы күні» – Наурыз мерекесіне орай «Қобыз үні» атты дәстүрлі ұлттық нақыштағы көрмесін өткізілу жоспарлануда.

  Тамыры тереңде жатырған көнекөз аспабымыз жайлы әртүрлі ақпарат бар. Солардың бірі Қорқыт бабамызды қобыз атасы деп, бастауын 9-10-шы ғасырдан десе, енді бір деректе сонау ислам діні енген 600-шы жылдармен байланыстырады. Алайда, ұлтым, салтым деген ұрпақ үшін оның шыққан тегінен қарағанда біздің заманымызға аман жеткені бақыт.

 Тағы бір айта кетерлік жайт, он төртінші наурызды халқымыз қыстан аман-сау шығып, жыл басы наурызға аман жеткен күн ретінде «Қауышу күні» деп атайды. Бұл күні кішілер үлкендерден бата алып, ауыл-аймақ  жиылып мәз-мәйрам болып, төс қағыстырған.

  Сонымен қатар, көрмеде арнайы жасақталған комиссия құрамының шешімімен жүлделі 1, 2, 3 ші орындар және 19 номинация бойынша арнайы дипломдар табысталып, сыйлықтар беріледі. Атап айтар болсақ,  «Ағаш ұстасы», «Өз ісінің  шебері», «Сыр шебері», «Өнерлі қыз»,»Өз ісінің майталманы», «Көркем сурет»,»Атакәсіп 

шебері»,»Құрақ көрпе», «Зергер»,»Жас шебер»,»Үздік шәкірт»,»Ұсақ моншақ», «Асыл ұстаз»,»Өнерлі жігіт», «Алтын қолды шебер», «Талапты ұл-қыз тарихи жұлдыз»,»Шебер педагог-2018″,»Тоқыма шебері»,»Ою өрнек – тарихи мұра». 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<