Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтанов асылдың сынығы, қасиетті Қармақшы елінің дарынды тумасы, белгілі жырау Арнұр Көшенейұлын 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Саналы ғұмырын ұлттық өнердің өрістеуіне арнаған ерекше дарын иесі Қорқыт бабамыздан бастау алған жыраулық өнерді жалғап, кейінгі ұрпаққа насихаттауда айрықша үлес қосып келеді.
Аудан басшысы өз құттықтауында жүз шайыр мекені атанған өңірде жыраулық өнерді дамыту ісіндегі сіңірген еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасына бақ-береке тілеп, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов мерейтой иесіне жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<