Өнерден кетемін – әнші Qanay

1278

0

“Ақ көйлек киген, көк көйлек киген” әнінің орындаушысы Нұрболат Қанай  Taboo  бағдарламасында өнерді тастайтынын айтып, алдағы жоспарымен бөлісті.

“33-35 жасқа дейін өнерде болып, өнерді тастаймын. Дөңгелекті үй сатып алып, отбасыммен Қазақстанды аралағым келеді. YouTube канал ашу ойымда бар. Қарапайым Қанай болып жүргім келеді. 35 жасыма дейін отандық шоу-бизнеске өз үлесімді қосып, мансабымды аяқтаймын”, –  дейді өнер иесі.

Жас әнші блогер болуға бет бұрғысы келетінін жасырмады.

“Халықпен сөйлесіп, YouTube жүргізетін блогер болғым келеді. Арнайы музыкалық білім алу ойда бар. Сұхбатқа барған кезде кәсіби терминдерді қолдана отырып, сұраққа жауап бергім келеді”, –  дейді ол алдағы жоспарымен бөлісіп.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<