Өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты

502

0

Бүгінде облыста жұқпалы аурулар аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағалануда. Жалпы өңір тұрғындары арасында 99 жұқпалы аурудың 52 түрі бойынша аурушандық анықталмады, ал 12 түрлі жұқпалы ауру көрсеткішінің деңгейі біршама төмендеген.

Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова хабарлады.

– Аймақта былтыр жіті респираторлы вирусты инфекцияның жұқтыру көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 9 пайызға төмендеді. Сонымен қатар былтыр өңірде оба, тырысқақ, құтырма, туляремия, листериоз, лептоспироз сынды аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ. Бұдан бөлек, тұмау ауруының алдын алу мақсатында былтыр 85 000 доза екпе сатып алынып, толығымен игерілді. Нақтырақ айтқанда, 82 676 азаматқа вакцина салынып, оның ішінде 20 181 екпе балаларға салынды. Қазіргі таңда тұмауға байланысты эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақталды. Ал короновирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентімен 95 пайыз адам қамтылса, 2-ші компонентін өңір халқының 94 пайызы алды. Ал қайта ревакцинациялаудан 70 664 тұрғын өтті. Туберкулез инфекциясының да аурушаңдық көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 2 жағдайға төмендеп отыр. Ал балалар арасында 8 жағдайға азайды. Аталған дерттің алдын алу бағытында БЦЖ екпесімен тұрғындарды қамту көрсеткіші 97,2 пайызды құраса, флюрографиялық тексерістен 402 759 адам өтті, – деді департамент басшысы Динара Олжабайқызы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<