Өңірлік коммуникациялар қызметі 2016 жылы наурыз айында құрылып, сол уақыттан бері медиа саласының дамуына өз үлесін қосып келеді. Орталықтың негізгі бағыты – мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту, түрлі салаларға бағытталған ауқымды жұмыстарды халыққа жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы тығыз байланысты одан әрі нығайту.
– Бұл ретте орталығымызда «Жаңалықтар мен ақпараттық контентті қалыптастыру» бөлімі құрылған. Аталмыш бөлім тікелей баспасөз конференциялары мен көшпелі брифингтерді өткізуді, қала және аудандарда баспасөз турларын ұйымдастыруды, облыстың оң бағыттағы жаңалықтарын жариялаумен айналысады. Осы шаралардың барлығын аталмыш бөлімдегі қызметкерлер (НұрайАқжігіт, Азамат Абимолда, Динар Рахман, Айгерім Сағатова, Мұнарбек Әбілқайыр) ұйымдастырып, өздеріңізбен тығыз байланыс орнатуда. Жыл басынан бері біздің ақпарат алаңында 369 брифинг, 62 көшпелі брифинг, 28 баспасөз туры өткізілді, – дейді Облыстық қоғамдық даму басқармасы “Өңірлік коммуникациялар қызметі” КММ-нің директоры Гүлнұр Бүркітбаева.
Орталықтың бастмасымен биыл облыста салынып жатқан нысандар мен ел игілігіне пайдалануға берілген жаңа ғимараттарды, сондай-ақ, өңірдегі көз тартар көрікті жерлерді халыққа кеңінен насихаттау үшін танымал блогер өз парақшасында, әлеуметтік желілердегі пабликтерде креативті видеороликтер шығарып, көрсетілім көп жинады. Бұл аймақтың оң бағыттағы бастамасын көрсетуге үлес қосуда.
Одан бөлек, жаңа бағдарламалар да көрермендерге жол тартты. Атап айтқанда, еркін форматтағы «Кешкі кофе» жобасының 5 шығарылымы жарық көрді, «TED Q»ашық алаңы ұйымдастырылып, оған орталық жанынан құрылған сарапшылар тобы қатыстырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<