Астанада көпқабатты үй өртенді. Өртті сөндірген 2 өрт сөндірушіні күйік шалды деп хабарлады turkystan.kz.
AstanaTV-ның мәліметінше, оларды шұғыл ауруханаға жеткізген. Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға кеше сағат 11-лер шамасында Бауыржан Момышұлы даңғылында болды. Үйдің ауласында тұрған автокөліктер өртті ауыздықтауға кедергі келтірген.
«Өрт орнынан 5 адам құтқарылды. Оның екеуі бала. 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 5 адам ауруханаға жеткізілді. Түтінге уланған бір бала жіберілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты. Екі өрт сөндіруші зардап шекті. Олардың денесін күйік шалды. Қазір біреуі жансақтау бөлімінде, біреуі ауруханада жатыр», – деді Астана қаласының ТЖД өртке қарсы күрес қызметінің баспасөз хатшысы Аягөз Фазылова.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<