Фото: ашық дереккөз
Өскемен хайуанаттар бағында қасқыр тістеп алған баланың әкесі әкімшіліктен қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етіп отыр деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
10 жасар қыздың ата-анасының айтуынша, қызы жануарды сипамақ болған. Осы кезде жыртқыш қыздың саусағын тістеп алған.
Баланың анасы зообақта шарбақ 20-30 сантиметр ғана екенін айтты.
«Мен өз кінәмді жоққа шығармаймын, менің де қатысым бар. Балаға қарамай қалдым, мойындаймын. Бірақ бұл жерде де қауіпсіз емес екенін айтқым келеді. Кейбір камерада торлар жыртылған. Басқа балалар зардап шеге ме деп қорқамын. Өйткені бұрын да осындай жағдайлар болған», – деді қыздың анасы.
Қыздың әкесі қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етіп отыр. Оның сөзінше, жануарлармен байланысқа жол берілмеуі керек. Ата-ана полицияға арызданған.
Сол жағалаудағы саябақ әкімшілігі бақтың хайуанаттар бағы мәртебесі жоқ екенін хабарлады. Бұл – Шығыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі бөлімі. Мұнда 320 жануар бар. Барлық жыртқыш қоршауда тұр. Барлық жерде ескерту белгілері орнатылған. Бірақ келушілер оларды елемейді. Қазір қайта құру жүргізіліп жатыр. Келушілердің қауіпсіздігі үшін бақылау алаңдары салына бастады.
«Жануарлар өзін жайлы сезінуі үшін, ең әуелі келушілерге қауіпсіз болуы үшін біз қоршауларды кеңейтіп жатырмыз. Бақта тұяқтылар, түйелер мен понилар үшін бақылау алаңы бар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жануарды тамақтандыруға, оны сипауға, оған тиісуге болмайтынын айтқым келеді», – деді Шығыс Қазақстан облысы Жануарлар дүниесі департаментінің биологы Юлия Павлиенко.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<