Өскеменде университет маңынан адам мәйіті табылды

86

0

Фото: freepik.com

Өскемен қаласында университет маңынан ер адамның мәйіті табылды. 25 желтоқсан күні таңертең Серікбаев көшесінде орналасқан университеттің маңайында адамның мәйіті жатқан. Мұны байқаған адамдар бірден полицияға қоңырау шалды.

– Сол жерге тәртіп сақшылары шұғыл келіп жетті. Марқұм 45 жас шамасындағы ер адам. Оның денесінен көзге көрінетіндей жарақаттар байқалған жоқ, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалған.

– Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілуге жатпайды, – делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да мас күйде көлік тізгіндеп, полицейлерге қарсылық көрсеткен депутат қамалғаны хабарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<