Өте маңызды шешімдер қабылданды

5

0

Фото: автордан

Биылғы жылдың ең басты жа­ңалығы – Алаштың анасы атанған Сыр өңірінде Ұлттық құрылтайдың бе­сінші отырысының өтуі. Құрылтай оты­рысында мемлекет, қоғам ал­дын­да тұрған маңызды мәселелер са­рала­нып, саяси салмағы бар ше­шімдер қа­былданды. Мемлекет бас­шысы Қы­зыл­орда облысында кейінгі үш жыл көле­мінде атқарылған жұ­мыстарға жоғары баға берді.

«Қазір Қызылорда облысында, әсі­ресе, әлеуметтік салада жақсы жа­ңалық көп. Үш жылда осы аймақта 34 білім бе­ру, 45 мәдениет және спорт нысаны са­лынды. Бұған қоса, 40 медицина ны­саны ашылды. Ме­нің тапсырмаммен Қы­зылордада 300 орынға арналған көп­бейінді ауру­хананың құрылысы бастал­ды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады.

Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда об­лысы барлық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағдайы жал­пы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл – әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың бел­сенді, та­бан­ды жұмы­сының нә­тижесі» деді Президент.

Тағы бір жаңалық, осыған де­йін Астана, Алматы қалаларында пре­зи­денттік кітапхана құрылысы бас­талған болса, енді осындай заманауи кітапхана біздің облыста салынбақ.

Мемлекет басшысы Құрылтайда сөй­леген сөзінде еліміз ауқымды саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам бас­қалы тұрғанын, алдағы пар­ламенттік реформа көптеген өзге­рістің өзегі бо­латынын атап айтты. Осы орайда құ­рылтайда ел ертеңі үшін қабылданған реформаларды құптаймыз және қол­даймыз!

 Райкүл БАЙНАЗАРОВА,

облыстық әйелдер

кеңесі қоғамдық

бірлестігінің төрайымы