Өткен аптада 31 қылмыс ізі суымай ашылды

475

0

Фото: Полиция департаменті

Өткен аптада облыста жалпы 47 қылмыс тіркеліп, оның 31-і кезекші тәулікте ашылып, ашылу көрсеткіші 65,9 пайызды құрады.

«102» арнасына 576 қоңырау келіп түсті. Облыс көлемінде 5887 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 4388 ЖҚЕ бұзу деректері анықталды.

Жол көлік оқиғасының 3 дерегі орын алды, салдарынан 1 адам қаза болып, 2 адам жарақат алған.

Апта көлемінде тергеу құрылымдарымен – 10, жедел уәкілдермен – 13 учаскелік полиция инспекторлары және батальонмен – 8 қылмыс ашылды.

Қазіргі таңда облыс көлемінде жедел – профилактикалық іс – шаралар өтуде, оның ішінде «Квадрат», «Автокөлік» ЖПШ. Шаралар мақсаты – есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жерлерінен тексеру, облыс көлемінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыс болдырмау, жолын кесу және жедел ахуалды сауықтыру.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<