Өзбекстан көмір өндірісін 10 млн тоннаға дейін арттыруға ниетті

417

0

Фото: Kazinform

Өзбекстан келер жылы көмір өндіру көлемін 10 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен өткен кеңесте мәлім болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Президенттің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Өзбекстандағы көмір қоры шамамен 2 млрд тоннаға бағаланып отыр. Осы ретте Шавкат Мирзиёев жауапты лауазымды тұлғаларға аталған салаға халықаралық стандарттарды енгізу, көмір сапасын көтеру және инвестициялық жобаларды жеделдету бойынша міндет жүктеді.

Өзбекстан үкіметінің алдына қойылған жоспарға сай, биыл көмір өндірісі 8, келер жылы 10 млн тоннаға дейін артуы тиіс.

Айта кетейік, былтыр елде өндірілген қатты отынның көлемі 6,5 млн тонна болған еді.

Қоса кетсек, үстіміздегі жылдың қаңтарында Шавкат Мирзиёев халықтың, әлеуметтік сала мен өнеркәсіптің қажеттілігін ескере отырып, көмір өндірісін 22%-ға арттыруды тапсырған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<