Өзбекстан мен Қытай арасында 30 күндік визасыз режим енгізіледі

133

0

Фото: Telegram/bakhtiyor_saidov

Өзбекстан мен Қытайдың Сыртқы істер министрлері азаматтарға 30 күн ішінде визасыз қос елге баруға мүмкіндік беретін келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

– Өзбекстан мен Қытай басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде әріптесіммен бірге азаматтарға 30 күн бойы визасыз саяхаттауға мүмкіндік беретін келісімге қол қойдық. Бұл – халықтар арасындағы байланысты нығайтып, сауда-саттық көлемін ұлғайтуға бағытталған үлкен істердің бір парасы, – деп жазды Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Аталған келісімнің нақты қашан күшіне енетіні қосымша хабарланады. 

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан мен Қытай визасыз режим орнатуға мүдделі екенін жазып едік.

Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим былтыр 10 қарашада орнады. Оған сай, Қазақстан азаматтары Қытай аумағында, Қытай азаматтары Қазақстанда 30 күннен аспайтын уақыт аралығында визасыз жүре алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<