Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық болжау мониторингі республикалық орталығының мәліметі бойынша, 2024 жылдың 3 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 11:52-де ел аумағында жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің ошағы Ташкент облысының Бостанлық ауданында орналасқан. Тереңдігі – 15 км жатыр, магнитудасы – 3,6. Жерасты дүмпулерінің күші 2 баллды құрады.
Сейсмикалық орталық жер сілкінісі ошағынан Ташкентке дейінгі қашықтық солтүстік-шығыс бағытта 96 шақырымды құрайтынын айтты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<