Өзбекстандық велосипедші Мәншүк Мәметованың ескерткішіне тағзым етті

165

0

Фото: Спорт басқармасы

Өзбекстандық опера әншісі, велосипедші және спорт ардагері Хурсанд Шеров Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай халықаралық бағыттағы веломорофон аясында Қызылорда қаласына аялдаған болатын.

Осыған орай, бүгін ардагер велосипедші қаладағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжіне арнайы барып, ұлағатты ұстаздар және білім алушылармен кездесті. Аталмыш шараға облыстағы өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелері, БАҚ өкілдері, спортшы жастар мен студенттер қатысты.

Кездесу барысында Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, қазақтың қаһарман қызының жанқиярлық ерлігін ұмыт қалдырмау туралы өнегелі әңгіме өрбіді.

Осы орайда Хурсанд Шеровке Сыр халқы атынан велоспорттан ұлттық құраманың жейдесі табысталды.

Кездесу соңы мерекелік бағдарламаға ұласып, көтеріңкі көңіл-күйде аяқталды.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<