Өзбекстанда Құрбан айт мерекесі 16 маусымда басталады. Соған орай, ел тұрғындары 4 күн қатарынан демалады. Бұл туралы «Құрбан айт мерекесін тойлау» туралы ел президентінің қаулысынан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құжатта жазылғандай, Құрбан айттың бірінші күні – 16 маусым жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс дүйсенбі – 17 маусымға ауыстырылады. Оған қоса, Өзбекстан президентінің 2024 жылы ресми даталарды мерекелеу кезіндегі қосымша демалыс күндерін белгілеу туралы 2023 жылы желтоқсанда қабылданған жарлығына сәйкес, 17 маусым қосымша демалыс күні болып есептеледі.
Өткен жылы, ел халқы бұл мерекеде 5 күн қатарынан демалған болатын.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<