2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Өзбекстанға шамамен 6,5 миллион шетелдік турист саяхаттаған. Бұл туралы жергілікті БАҚ Өзбекстан Республикасының Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Синьхуа.
Туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 951,3 мың адамға немесе 17,2 пайызға артқан.
Мәлім болғандай, ең көп турист Тәжікстаннан барған — 1,878 млн, одан кейін Қырғызстан — 1,870 млн және Қазақстан — 1,2 млн. Ал Қытайдан 57,7 мың турист саяхаттаған, осылайша бұл ел 7-орынға тұрақтады.
Бұған дейін хабарланғандай, ЕҚҚДБ Өзбекстанға «жасыл» экономиканы дамыту үшін 200 миллион доллар бөлуі мүмкін.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<