Егемен.кз Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Құрманбек Сахов атап өткендей, 4 жергілікті тұрғыннан тұратын бұл ұйымдасқан қылмыстық топ 6 ай бойы Жетісай және Мақтаарал аудандарының аумағында жұмыс істеген. Олар бопсалау мен алаяқтық арқылы жеке кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтардың ақшаларын иемденген. Жалпы алғанда, қылмыскерлер жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам шығын келтіріпті.
Олар қызметіне заңдылық беру үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес түрінде жалған қоғамдық ұйым ашқан. Қылмыскерлер кәсіпкерлердің көптеген әс-әрекеттерін камераға түсіріп, әлеуметтік желілерде видеоматериалдарды жариялау қаупімен олар ақша талап етті.
Мысалы, 2019 жылы Мақтаарал ауданында күдіктілер құрылыс алаңдарының бірінде болған. Онда заңбұзушылықтар орын алды деген сылтаумен құрылыс фирмасының басшысынан 500 мың теңге талап етті. Тағы бір жағдайда өткен жылдың күзінде сотталғандар экологияны қорғау түрімен жергілікті фирмалардың бірінің кеңсесіне келіп, директордан ай сайын 100 мың теңге көлемінде төлем талап еткен. Жәбірленуші өз кезегінде Жетісай АПБ-не өтініш беріпті.
«Жасалған қылмыстардың ауырлығы мен бірегейлігін ескере отырып, тергеуге криминалдық полиция қызметкерлері мен облыстық аппараттың тергеушілері аудандық полиция қызметкерлеріне көмекке жіберілді. Яғни, біз аудандық және облыстық полицияның үздік қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобын құрдық. Сотқа дейінгі тергеу аясында барлық қажетті жедел тергеу іс-шаралары жүргізілді, жеткілікті дәлелдер жиналды және ақша аудару кезінде қылмыскерлерді ұстады», дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<