«Өздеріңіз көрдіңіздер»: Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиададағы жеңілісі туралы ойын айтты

260

0

Фото: Ашық дереккөз

Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалған боксшы Қамшыбек Қоңқабаев журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Артық ештеңе айтпаймын. Кімнің қолын көтерді, сол жеңді. Қалай бар, солай қабылдаймыз Алла қаласа. Артық ештеңе айта алмаймын. Өздеріңіз көрдіңіздер, барымды салдым. Ол да осал қарсылас емес. Еуропа чемпионы. Сол, не деймін басқа? Қалған жігіттерді қолдаңыздар. Жанкүйер болыңыздар Құдай қаласа», – деді боксшы.

Айта кетейік, 92 келіден жоғары салмақта жұдырықтасатын ол Париж шаршы алаңында Еуропа чемпионы, испандық спортшы Аюб Гадфадан жеңіліп қалған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<