Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев саяси реформалар бойынша Ата-заңға түзетулер енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылдады.
Осы бағытта Қазақстанның алдында өршіл мақсаттар тұр: еліміздің басты заң құжаты – Ата Заңымызға түзетулер мен өзгерістер енгізілмек. Бұл мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігіне түбегейлі өзгерістер әкелу арқылы әрбір қазақстандықтың өміріне тікелей әсер етері сөзсіз. Себебі, Жаңа Қазақстанда әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасалады, қолынан іс келетін, қоғам ісіне белсене атсалыса алатын әрбір адамның жақсы өмір сүру барынша қолайлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуына мүмкіндігі бар. Оған елінің келешегі мен ұрпағының болашағы алаңдататын әр қазақстандық Президент ұсынған Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша өткізілетін бүкілхалықтық референдумда дауыс беру арқылы өз үнін қоса алады.
Бұл референдум Қазақстан халқының жұдырықтай жұмылып, азаматтық қоғамға негізделген жаңа мемлекетті құру жолындағы зор қадамы болмақ. Тәуелсіздік тарихында маңызды орын алатын аса маңызды оқиғадан тыс қалмау – Отанын сүйген әр азаматтың адал борышы. Президент Жаңа Қазақстанды құруда қазақстандықтарға осындай зор сенім артып отыр және оның ақталатынына сенімді.
Осы күндері, мен «AMANAT» партиясының Арал аудандық штабының мүшесі ретінде белсенді партияластармен бірге референдумды қолдауға бағытталған шараларды жүйелі жүргізетін боламын. Әрбір сайлаушылармен кездесулерді, олардың ұсыныс-пікірлерін әлеуметтік желідегі парақшамда түсіндірмелік жазбалармен бөлісіп отыратын боламын.
Лаура Ибраимова,
Қызылорда облыстық мәслихаттағы
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<