Өзін құмар ойындардан шектеуге өтініш білдірген қазақстандықтар қатары көбейіп келеді

243

0

Коллаж: exclusive.kz/culture.ru/pinterest.com/medium.com

Онлайн форматтағы пилоттық жоба қолданысқа енгізілгелі бері, яғни 8 айға жуық уақыт ішінде 168 мыңнан астам адам өзін құмар ойындардан шектеуге өтініш білдірген.

«Биылғы 18 наурызда eGov mobile платформасында басталған өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызметті енгізу жөніндегі министрліктің пилоттық жобасы оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қызығушылықтың төмендеуіне ықпал етіп келеді», – деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.

eGov mobile қолданбасы арқылы – 168 250 адам өтініш тастаса, жазбаша түрде өтініш берушілер саны – 2 311 адам. Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметіне сәйкес, құмар ойындардан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі:

  • eGov mobile арқылы – 40 212 адам (жалпы санның 23,90%)
  • жазбаша – 836 адам (жалпы санның 36,17%).

Пилоттық жобаны пайдалануға енгізгеннен кейін бір айдың ішінде, яғни 18 сәуірге дейін eGov mobile арқылы 35 342 адамнан өтініш берілсе, 15 қарашаға дейін берілген өтініштердің саны – 168 250.

Сонымен қатар азаматтардың қағаз жүзінде өзін-өзі шектеуге өтініш беруден мобильді қосымша арқылы онлайн өтініш беруге біртіндеп көшуі байқалып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<