«Өзінен аумайды»: Жанболат пен Жазира болашақ келіндерін көпшілікке көрсетті (ВИДЕО)

75

0

Фото: коллаж Sn.kz

Танымал өнерлі жұп Жанболат пен Жазира  ұлының таңдауын көпшілікке паш етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Ал,сүйінші! Келініміздің жүзін бейнебаянда көрсету – бір бөлек әсер. Жандос Қаржаубайдың әніне , Бақыт Қалибектің сөзіне жазылған “Бауырсағы балдай қыз” әні

«Әгугәй» ансамблімен бірге түсірілген бейнебаянымен көрерменге жол тартты.Жаңа туындыны тамашалап, жақсы көңіл-күймен қабыл алыңыздар», деп жазды өнер иесі.

Көпшілік Жазираның келіні өзінен аумайды деген пікірде.

«Жастар бақытты болсын. Жұғысты болсын ұлыма», «Құтты келін болсын», «Жазираның өзінен аумайды екен», деп жазды көпшілік.