Офицерлерге қабылданған сот үкімі

295

0

Офицерлерге қабылданған сот үкімі Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға бағытталған мемлекеттің маңызды бағдарламалық құжаты 2015-2025 жылдарға қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия болды.

Аталған бағытта ҚР Бас әскери прокуратурасының бекітілген жоспары шеңберінде Қызылорда гарнизонында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердің әскери қызметшілеріне арналған құқықбұзушылықты және  сыбайлас жемқорлықты алдын-алу бағытына арналған түсіндірме жұмыстары, тақырып барысында дөңгелек үстелдер мен  іс-шаралар ұйымдастырылады.

Дегенмен де, әскери қызметшілер қатарында  заңға қайшы олқылықты әрекеттер жасап,  Отан алдындағы берген антқа селқостық танытып жатқандары да кездеседі…  

Ағымдағы жылдың басында  облысымызды дүр сілкіндірген Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бұрынғы басшысы полковник «Д»  қатысты оқиға болатын.

Онда сыбайлас жемқорлыққа басшы мен бағынысындағы  әскери қызметшілер арасында «Пара алу», «Пара беру», «Парақорлыққа делдал болу» айыптаулары бойынша қылмыстық іс сотқа жолданған.

 Жеті ай мерзімде жүргізілген тергеу амал қортындысы сарапталып,   Шымкент гарнизонының әскери сотында  үкім шығарылды. Онда ҚР Қылмыстық кодексі бойынша жауапқа тартылып, тиісті жазасы берілді.  Сонымен қатар, қалған әскери қызметшілерге айыппұл салынды.

Елбасы –ҚР Қарулы  Күштерінің  Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Иығына погон таққан адамдар мінсіз жүріс тұрыспен ерекшеленуі тиіс,  ал олардың қатарында сыбайлас жемқорлықтың етек жаюы ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді» – деген болатын. Мемлекет тарапы әскери қызметшілерге әлеуметтік көмекті де, қолдауды көрсетуде. Сондықтанда әрбір әскери қызметшінің міндеті  ел алдында ар-намысына дақ түсірмеу.

Құқықбұзушылық немесе заңға қайшы келетін іс-әрекеттер туындаған  жағдайда, Қызылорда қаласы әскери прокуратурасына хабарласуға болады.

Біздің мекен-жайымыз Қызылорда қаласы Нұрмақов №2 А, сенім телефондары  8-7242-27-77-37,   8-705-433-94-99 шүғыл кезекші тәулік бойы байланыста. 

 

Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<