Оқиға орнынан бой тасалаған

307

0

2018 жылдың наурыз айының 9-нан 10-на қараған түні белгісіз біреу белгісіз автокөлігімен Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылы мен Байкенже ауылының аралығындағы тас жолдың бойында адам өліміне әкеп соқтыратын жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

Бұл жол-көлік оқиғасы бойынша білген, көрген, естіген куәлар болса, Қызылорда ОІІД-нің 29-70-10, 26-28-90, 29-50-46 және Жаңақорған АІІб-нің 2-41-55, 2-41-25 байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз. Хабарламашы туралы мәліметтер жарияланбайтындығына кепіл береміз.

Сондай-ақ, Қызылорда ОІІД-і Қазақстан Республикасы Кылмыстық кодексінің 53 бабына сәйкес, кінәлі тұлғаның айыбын мойындап келуі қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып табылатындығын хабарлайды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<