Ойықтағы топырақ астынан каска, автобус сөресінің бөлігі және радиостанция табылды

597

0

Фото: Asaiyn Baikhan

Табылған заттарды құтқарушылар жоғарыға алып шықты. Ойық түбінде құтқару-іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда.

Майқайың кеніші аумағында екі құтқарушымен жер астына түсіп кеткен автобусты іздеу жұмыстары жүріп жатқанына бүгін – 30-шы күн. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Telegram-каналында құтқарушыларға тиесілі бірқатар заттың табылғанын хабарлады.

«Майқайыңалтын» АҚ кенішінде іздеу жұмыстары жүргізілген жерде бүгін жаңа бөлшектер, яғни, құтқарушының каскасы, автобустың ішкі сөресінің шағын бөлігі және құтқарушының «XFERRA» қол радиостанциясы табылып, жер бетіне көтерілді», – деп жазды өңір басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<