Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылды– Ерлан Тұрғымбаев

195

0

ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев Олеся Кексель ісіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қылмыстық құрамның болмауына байланысты ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары тоқтатылды. Оның ісіне қатысты барлық тергеу әрекеттері жүргізіліп, істің заңдылығын тексеру үшін материалдар прокуратураға жөнелтілді», – деді министр Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. 
Айта кетейік, Парламент Сенатының депутаты Қайрат Қожамжаров Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісіне қатысты тергеуге пікір білдіріп, оның тоқтатылғанын айтқан еді. Ал бұған дейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің не үшін тергеліп жатқанын түсіндіріп берген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<